Жаңалықтар

20 мың бала шайқас алаңында жүр

Йеменде 20 мың бала хоуситтердің қатарында жауынгер ретінде қолданылуда, деп хабарлайды TRT.

Йеменнің ресми ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда,  Әлеуметтік істер және еңбек министрі Ибтихаж әл Кемал 3 жылдан астам уақыттан бері азаматтық соғыс жалғасып келе жатқан елде статистикаларға қарағанда 2 миллионнан астам баланың жұмысшы ретінде қолданылғанын білдірді.

Кемал халықаралық келісімдер және балалардың құқығын қорғайтын заңдарға қарама-қайшы түрде 20 мың баланың да хоуситтер қатарында соғысып жүргенін айтты.

Хоуситтер 2 мың 372 мектепті ішінара немесе толығымен қиратты, 1500-ден астам оқу ордасын түрме немесе әскери қышлақ ретінде қолдануда. Елде 4,5 миллион бала мектепке бармаған.

Елде хоуситтер мен заңды билік арасында шайқас жалғасуда.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Close