Жаңалықтар

1,5 млн босқын Сирияға оралды

Астана. 9 қараша. KAZISLAM – Сирияда 2011 жылы басталған қарулы-қақтығыстан өзге жерге бас сауғалап қашқан 1,5 млн босқын өз үйіне оралды. Бұл туралы Ресейдің ұлттық қорғаныс басқармасының орталығы мәлімдеді.

Орталық мәліметінше, 260 мыңнан астамы шекара асқандары. Олардың көбі Ливан мен Иорданияның өткізу бекеттері арқылы Сирия аумағына кірді. Ал 1 млн 250 мыңы ел ішінде көшіп жүрген азаматтар. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, бір апта ішінде атыс-шабыстың кесірінен жарамсыз болып қалған 149 баспана қалпына келтірілді. Оған қоса 8 өнеркәсіп орны мен бірнеше әлеуметтік нысандардың жұмысы жанданды. Қазір 312 елді мекенде инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Таяуда «Рукбан» босқындар лагеріне 450 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Ал түрлі аурулардың алдын алу үшін дәрігерлер балаларға екпе егу жұмыстарын жүргізді.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close