Жаңалықтар

101 елдің азаматына виза еркіндігі

Өзбекстанда туризмнің дамытылуына бағытталған жұмыстар аясында 101 ел азаматына бес күнге виза еркіндігі берілді.

Президент Шавкат Мирзиеев «Шетел азаматтарының Өзбекстанға келуін жеңілдетуге бағытталған шаралар жөніндегі» қаулыға қол қойды.  Қаулыға қарағанда, 15 шілде күнінен бастап Өзбекстандағы әуежайшларынан үшінші бір елге кететін 101 елдің азаматтарына бес күн бойы елде визасыз болу құқығы берілді.

Айырықша 16 жасын толтырмаған шетел азаматтарына да қасында ата-анасымен елде 90 күнге дейін визасыз болу құқығы тағайындалды. Шетелдік азаматтар Өзбекстан визасын алу үшін интернеттен де «электроникалық виза» ала алады.

Соңғы кезде елде туризмнің дамытылуына бағытталған шаралар арқылы жылдың алғашқы бес айында келген турист саны былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 93 пайыз артты.  Елге биыл 2,2 миллион турист келді.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close