Жаңалықтар

100 мың британдық айт мерекесін аспан астында өткізді

Бирмингем мұсылмандары қасиетті мерекені жан-жақты қауіпсіздік және күшейтілген полиция патрулі жағдайында өткізді. Британ билігі ораза айт мерекесін діни қауымдастық оқыс оқиғалардан аман-есен өткізуі үшін барлық шараларды жасаған.

Қоғамдық паркте ұйымдастырылған мерекелік шараға мұсылман қауымы түгелге жуық қатысты. Жасөспірімдер, жастар, орта жастағы және қарт кісілер, сондай-ақ, арбаға таңылған мүгедектер де айт мерекесіне таң атысымен ерекше құлшыныспен жиылған.

Тұңғыш рет ұжымдық айт намазы оқылған алаң толықтай әскерилердің қауіпсіздігіне алынған. Бұл шаралар Лондон қаласындағы Финсбери парктегі мешітте орын алған террористік шабуылдан кейін жасалып отыр.

«Мен осы шараға қараша айынан бері дайындалдым, төрт күннен бері ұйықтай алмадым. Егер қателік кетсе мен басыммен жауап беремін» дейді ауқымды шараның ұйымдастырушылардың бірі Амир Иджаз.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close