Жаңалықтар

Өзбекстан мұсылмандары зекетті интернет арқылы төлейді

Астана. 5 маусым. KAZISLAM – Өзбекстанда мұсылмандар үшін зекетті интернет арқылы төлеу платформасы іске қосылды.

Click компаниясы Уақф қоғамдық қайырымдылық қорымен бірлесіп мұсылман қауымына зекетті интернет арқылы төлеу мүмкіндігін жасады.

Енді мұсылмандар ислам қағидаларына сәйкес салықтарын кез келген уақытта кез келген жерде жүріп төлей алады. Төлемдер мынадай деңгейлер: қайыр, уақф пен зекет, пітір, үшір, пидия бойынша жүргізіледі.

Төленген қаржылар «Уақф» қоғамдық қайырымдылық қорының арнайы шотына аударылып, одан әрі мақсатты түрде жұмсалады. Төлем әртүрлі интерфейстер көмеміген іске асырылады. Қолданушы оны USSD, Click Uzbekistan мобильді қосымшасы және Telegram-бот @clickuz арқылы жасай алады. Telegram-бот @clickuz арқылы төлем «Төлем» бөлімінің «Қайырымдылық» тарауында орындалады.

Бұл жүйелер исламдың қайырымдылық жүйесіне арналып ұйымдастырылған. Ол төрт санаттан тұрады. Біріншісі мұқтаж адамдарға қайтарымсыз садақа түрінде. Екіншісі міндетті зекет салығы. Үшіншісі ерікті түрде мұқтаж отбасыларға пайызсыз қарыз. Төртіншісі – уақф.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close