Жаңалықтар

Өзбекстанда мұсылмандар телеарнасы пайда болды

Өзбекстанның мұсылман кеңесі интернеттегі үлкен аудиторияға ие болатын «ИТВ.УЗ» интерактивті теледидарымен бірге «Мұсылман ТВ» телеарнасын іске қосты. «Muslim TV» мұсылман телеарнасын қарап шығу үшін сайтқа қосылып, тіркелу керек.

Өзбек мұсылман қауымы ұялы телефон арқылы Интернет-телеарнаны арнайы мобильдік қосымшаны жүктеу арқылы көре алады.

Сонымен қатар, Өзбекстанда мұсылмандар үшін отбасылық қонақ үй ашу үшін жұмыс жүргізілуде. Туристік бизнестегі «халал туризм» ең танымал бағыттардың бірі болып табылады.

Жыл сайын 150 миллионнан астам мұсылмандар түрлі елдерге барады. Сонымен қатар, олар қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етілетін елдерді таңдайды. Бұл арзан отбасылық қонақ үйлер, «халал» стандарттарына сәйкес келетін және алкогольсіз, әйелдерге және ерлерге арналған жекелеген жүзу орындары бар, намазға арналған арнайы орыны бар аймақтарды таңдайды.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close