Жаңалықтар

Түрлі дін өкілдері қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады

29 маусым күні Елорданың 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында Дін істері комитетінің төрағасы Еркін Оңғарбаевтың төрағалығымен діни бірлестіктер өкілдері Жиынының «Астана — бейбітшілік пен келісімнің рухани орталығы» тақырыбында кездесуі өткен болатын. Жиын соңында барлық дін өкілдері барша қазақстандықтарды ару қала — Астанамыздың 20 жылдығымен құттықтады:

Құрметті қазақстандықтар!

Біз, Қазақстан Республикасының діни бірлестіктерінің өкілдері атынан барлық отандастарымызды Елорда күнімен – сүйікті Астанамыздың
20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!

Астана – Қазақстан Республикасы Президенті — Елбасы
Н.Ә. Назарбаевтың идеясының жүзеге асуының көрінісі және бүкіл қазақ халқының еңбегінің нәтижесі. Еуразия жүрегінде орналасқан Астана халықтар арасындағы сенім мен өзара түсіністікті нығайту, тұрақты даму жолдары айқындалатын мекенге айналды.

Елордамыз Астана Қазақстанның әрбір азаматының жанына жақын және оның құндылығы жалпы ұлттық сипатқа ие, себебі бұл қазақстандықтардың мақтанышы, мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің, тұрақтылығы мен экономикалық өсуінің нышаны.

Біздің бәрімізді ортақ үйіміз – Қазақстанға деген ортақ сүйіспеншілік, мемлекетіміздің, және оның азаматтарының бүгіні мен кемел келешегіне деген сенім біріктіреді.

Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының                     20 жылдығын мерекелеу қарсаңында, біз – Қазақстан Республикасының діни бірлестіктерінің өкілдері, көпұлтты және көпконфессиялы мемлекетіміздің халқына ел-жұртымыз аман, деніміз сау, бақытымыз баянды болсын деген ізгі тілектерімізді ықыласпен жолдаймыз!  

Барша қазақстандықтарды Бейбітшілік пен Келісімнің рухани орталығы Астана – Елорда күнімен құттықтаймыз!

Шаңырақтарыңыз берекелі, туыс-жақындарыңыздың өмірі бейбіт болғай! Болашаққа нық сеніммен қараған, баршамызды қауыштырған, жас Астанамыз гүлденіп, көркейе берсін!

Жаратқан иеміз Қазақстан халқын жарылқасын!

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРі

ӨКІЛДЕРІНІҢ ЖИЫНЫ

2018 жылдың 29 маусымы

Show More

Басқа жаңалықтар

Close