Жаңалықтар

Әр минутта – 20 адам босқынға айналады

Астана. 27 маусым. KAZISLAM – Бүгінде әлем бойынша әр минут сайын 20 адам босқынға айналуда. Бұл туралы БҰҰ-ның босқындарға арналған жиынында мәлім болды.

«Қазір әлемде әртүрлі қарулы қақтығыстар мен сыртқы-ішкі шиеленістердің салдарынан 68 мыңнан аса адам босқынға айналды. Бұл шамамен әлемнің ең ірі жиырмалығына енетін елге тең. Өткен жылы ішкі көшіп-қонулар әр 2 секунд сайын өскен» дейді БҰҰ хатшысы.

«Соғыс пен қуғын тоқтамайында босқындар саны да азаймайды. Олардың өмір тарихы төзімділік пен ерліктің белгісі. Біз оларға жанашырлықпен қарап, көмек қолын созуымыз керек» деп атап өтті Гутерриш.

БҰҰ арнайы баяндамашысы Фернан де Варен халықаралық қауымдастық алдында босқындарға қолдау көрсетіп, олардың білім алуына, жұмысқа орналасуына және баспаналы болуына жағдай жасауға атсалысуға шақырды.

«Әлемде әр минту сайын әртүрліұлт пен дін ұстанушы 20 адам өз үйлерін тастап, өзге елдерге көшіп кетуге мәжбүр болуда. Олардың басым бөлігі азшылық қауым және маргиналды топ өкілдері саналады» деді Фернан де Варен.

Бүгінгі күнде әлем бойынша Сирияның өзінен 6 миллионға жуық адам босқын болып жүр. Сириядан кейін тізімде 2,6 млн ауған халқы, 2,4 млн Оңтүстік Судан азаматы бар.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close