Жаңалықтар

Әл-Әзһар университеті Палестина туралы мәлімдеме жасады

Астана. 11 шілде. KAZISLAM – Израиль әскерінің палестиналықтарға қарым-қатынасы өте өрескел. Бұл туралы ислам әлеміндегі әйгілі оқу орны – әл-Әзһар университеті ресми мәлімдеді, деп жазады islam-today.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, бұл мәлімдеме Хан әл-Ахмар елдімекені тұрғындарының ауылдарынан қуылып, үйлердің сүрілуі себеп болды.

Ислам ғалымдарының айтуынша, палестиналық халықтың құқықтарын таптап, елден қуылып, жаңа еврей халқына тұрғын үй құрылысын салу барлық халықаралық келісімдер мен конвенцияларды өрескел бұзу болып табылады. Еске салсақ, халықаралық құқыққа сәйкес, палестина жерлеріне салынған барлық израильдік қоныстанулар заңсыз саналады.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close