Жаңалықтар

Әлемнің бейбітсүйіш елдері анықталды

Астана. 7 маусым. KAZISLAM – Экономика және бейбітшілік халықаралық институты әлем елдеріндегі зорлық-зомбылық көрсеткіштері сараланған «Ғаламдық бейбітсүйгіштік индексін» жариялады.

Құжатқа сәйкес, әлемнің ең бейбітсүйгіш елдері тізіміне Исландия, Жаңа Зеландия, Австрия, Португалия, Дания, Чехия, Сингапур, Жапония, Ирландия, Словения, Швейцария және Австралия мемлекеттері енген. Бұл тізімге қарама-қайшы сипаттағы топқа Оңтүстік Судан, Ауғанстан мен Сирия елдері кірген. Рейтингке әлем бойынша жер бетіндегі халықтың 99,7%-ы өмір сүретін 163 ел алынған.

Айта кету керек, аталмыш рейтинг әлем елдеріндегі жағдайларға байланысты 23 түрлі көрсеткіш бойынша жүргізілген зерттеулер нәтижесінде құрылады. Оның ішінде, ішкі және сыртқы қарулы қақтығыстар көрсеткіші, көршілес елдермен қарым-қатынас деңгейі, саяси тұрақсыздық, әскери қару-жарақтардың экспорты мен импорты, құқыққорға органы қызметкерлерінің саны, ішкі жалпы өнімге шақандағы әскери шығындар көлемі, т.б.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close