Жаңалықтар

Әлемде 5 секун сайын бір сәби көз жұмады

Астана. 21 қыркүйек. KAZISLAM – 2017 жылы әлемде 15 жасқа толмаған 6,3 миллион бала көз жұмды, оның жартысы – жаңа туылған сәбилер.

БҰҰ Балалар қоры, Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы және Әлемдік банк дайындаған баяндамада осындай мәліметтер келтірілген. Мамандар балалар өлімінің тең жартысының алдын алуға болатынын айтады.

ЮНИСЕФ өкілі Лоуренв Чендидің айтуынша, қазіргі әлем балалардың өмірі үшін күресте үлкен табыстарға жетті. Алайда, әлемде әр 5 секунд сайын бір бала көз жұмады екен. 5 жасқа дейінгі балалар өлімінің жартысы Африканың Сахара аймағына, үштен бір бөлігі – Оңтүстік Азия елдеріне тиесілі.

Құқыққорғаушылардың пайымдауынша, егер бүгін жедел шара қабылданбаса, 2030 жылы 5 жасқа толмаған 56 миллион бала мерт болады, оның жартысы жаңа туылған нәрестелер болуы мүмкін. Бұл жағдайлардың көпшілігінде қарапайым ғана медициналық көмек, мәселен акушерлік және екпе салдыру құтқарады.

5 жасқа дейінгі балалар өлімінің басты себебі – безгек, өкпе қабынуы және туу кезіндегі ана денсаулығының ауырлауы. 5-15 жас аралығындағы балалар әртүрлі жарақаттар, мәселен, жол апаттары салдарынан қаза табады.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close