Қазақ мешіттері

«Әзірет Сұлтан». Қазақстандағы ең ірі мешіті

Әзірет Сұлтан мешіті — Астана қаласындағы орналасқан мешіт. Дәстүрлі ислам стилінде салынған ғибадат үйі Бейбітшілік және келісім, Тәуелсіздік сарайлары мен «Қазақ елі» монументі сынды айбынды нысандармен іргелес орналасқан.
Имандылық ордасының сызбалық конкурсына әлемнің 54 компаниясы ұсыныс білдірген. Мешіт Сағындық Жанболатов пен Есенғали Ахметовтің жобасы бойынша салынған. Мешіт жобасын Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі таңдап алған.
4 мұнаралы сәнді және сәулетті мешіттің «Әзірет Сұлтан» деп аталуы бекер емес. Бұл — кезінде күллі қазаққа рухани орталық болған Түркістанның рухы енді елордамызда жаңғырады деген сөз. Ғұлама бабамыз Қожа Ахмет Ясауидің Түркістандағы кесенесі осылай аталатынын баршаңыз білесіздер.
 2012 жылдың 6 шілде күні Хазрет Сұлтан мешітің салтанатты түрде ашылуы өтті. Ашылу салтанатына ҚР-дың президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.
Рухани орын 13 га. жерді алып жатқан аумақта орналасқан. Мешіт жобасы қазақтың дәстүрлі ою-өр­нектері мен ұлттық нақыштағы сәндік элементтері қолданыла отырып, классикалық ислам үл­гісінде орындалған.«Әзірет Сұлтан» мешіті Орталық Азиядағы ең әдемі әрі ең зәулім мешіт.
Ол Елбасының бастамасымен екі жыл ішінде салынды. Мешіттің құрлысын жүргізген Түркияның «Сембол Иншаат» компаниясы.
Мешіт үш қабаттан тұрады. Мешіттің жалпы құрылыс аумағы 18000 мың шаршы метрді құрайды. Жалпы сыйымдылығы – 12000 адам.
Мешітте ерлерге арналған 4 000 адамдық намаз залы, халыққа қызмет көр­сету орны, әйелдерге арналған 1 000 орындық намаз залы, имам, наиб имам, азаншы бөлмелері ор­наласқан.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close