Жаңалықтар

Қырғызстанда дін саласындағы мемлекеттің рөлі күшейеді

Астана. 16 қараша. KAZISLAM – Қырғызстанда дін саясаты ел дамуының стратегиясына сәйкес келуі тиіс. Бұл туралы «Зайырлы заманауи мемлекеттегі ислам» атты II халықаралық конференция жұмысында республика президенті Сауранбай Жиенбеков мәлімдеді.

«Біздің қоғамда исламның атын жамылып қырғыз халқына өз дәстүрлері мен мәдениетін тықпалағысы келетіндер көп. Олар жастарды қазіргі заман білімінен, мәдениет, ғылым мен технологияда жетістіктерінен алшақтатады» деп атап өтті қырғыз президенті.

Оның айтуынша, биліктің басты мақсаты – қауіпсіз діни мектептерді дамытып, азаматтық толеранттылық жағдайында конфессияаралық келісім мен татулықты қатар көтеру. «Осы бағыттарды жүйеге түсіру үшін мемлекет тарапынан жұмыстарды күшейтуді қажет етеді. Мемлекет арқылы барлық қоғамды дамытудағы дінге бағыт-бағдар беруге болады» дейді Жиенбеков.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close