Жаңалықтар

Қырғызстандағы діни экстремизмнің жеті себебі

Астана. 13 шілде. KAZISLAM – Қырғызстанда «Қырғыз жастарының радикалдануы: жағымсыз жобаларда жастар энергиясын трансформациялау әдістері мен себептері» тақырыбында сарапшылар пікірталасы өтті, деп хабарлайды Sputnik.

Сарапшылар жиынында Қырғызстан Халықаралық университеті Шығыстану және гуманитарлық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі Алина Молдокеева жастардың экстремизмге ұрынуының негізгі себептерін мәлімдеді. Оның айтуынша, радикалданудың негізгі себебі – әлеуметтік шиеленіс. Сонымен қатар, білім сапасының төмендігі, еңбек нарығындағы өмір сүру қажеттілігі, әлеуметтік теңсіздік, құқыққорғау органы беделінің төмендігі, сондай-ақ, қоғамның жалпы криминалдануы және шетелдік діни ұйымдар мен секталардың ықпалы.

Алина Молдокеева халықаралық экстремистік және террористік ұйымдар өкілдері мұсылман жастары үшін ислам елдерінде білім алуды жиі ұйымдастырып, өз мақсаттарын сол жақта жүзеге асырып, адам бопсалайтынын да атап кетті.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close