Жаңалықтар

Қоғамдық даму министрі Оралға келді

Астана. 16 қараша. KAZISLAM – Батыс Қазақстан облысына іссапармен келген Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев келді. орталық мешітке барды.

Мәртебелі мейманмен бірге облыс әкімі А.Көлгінов, облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұлов, облыстық дін істері басқарма басшысының  міндетін атқарушы А.Төлепов, облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы А.Нұрахметұлы да келді.

Дархан Аманұлын ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов қарсы алып, облыстағы діни ахуал жайлы жан-жақты айтып берді. Министр елімізде діни басқармамен бірге тығыз байланыста атқарылып жатқан маңызды жұмыстарға тоқтала келіп, алда тұрған келелі міндеттері жайлы сөз етіп, кеңінен жеткізді.

Кездесуден кейін облыс имамы ата-бабалар рухына Құран бағыштады.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close