Ғибратты әңгімелер

Қандай адамға намаз оқымауға болады?

Күндердің күнінде бір кісі кісі фиқһ ғалымы Ибн Ақилға келіп:

— Мен күнде суға көп түсемін. Бірақ, сонда да денемнің тазалығына күмәнданамын. Осындай күмәнмен намаз оқысам болады ма жоқ па? — деп сұраса, Ибн Ақил:

— Сен үшін намаз оқу міндетті емес. Барып дем ала бер — дейді. Мұндай жауапқа таңданған әлгі кісі:

— Бұл қалай болғаны сонда?, дейді. Сонда Ибн Ақил:

— Расында, ардақты пайғамбар с.а.у. былай деген: «Үш адамның бойынан намаз оқу міндеті түседі: есін білмейтін жындыға, ұйқыда жатқан адамға, кәмелетке толмаған жас балаға». Ал, кімде-кім суға көп түсіп, оның бойы тазаланғанын білмесе, онда ол жынды адам секілді бойынан намаз міндеті түседі — деп жауап берген екен.

Жалғас АСХАТҰЛЫ
Дінтанушы

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close