Ислам және ұлттық салт-дәстүр

Қайтқан кісіге жоқтау айту дұрыс па?

Жақын жандарды о дүниеге аттандыру бәріне ауыр. Осы жағдайға қатысты халық арасында жоқтау дәстүрі қалыптасқан. Сол дәстүрмен жоқтау айту дұрыс па? Жоқтау қалай айтылады? Осы сұраққа дінтанушы Әбдімәлік Абдрахманов былай деп жауап береді:

Жоқтау өз шеңберінен шықпай айтылған жөн. Шариғатқа қарсы келетінде шашын жұлып, кеудесін ашып, бетін тырнап, бастағы орамалдарын лақтыратын дәрежеде болатын болса, онда ол дұрыс емес. Себебі ол шектен шығу. Шектен шықпай жылауға болады. Мәселен, пайғамбарымыз перзенті Ибраһим дүние салғанда көзден шыққан жасқа сахабалар «Я, Расулаллах, бізді жылаудан тиған едіңіз ғой» дегенде «Бұл рақымшылық жасы» деп пайғамбар тіл қатқан. Сондай-ақ, Айша анамыздың жоқтау айтқандығы, оған пайғамбар тыйым салмағаны туралы риуаят бар.

Шариғат пен әдеп шеңберінен шықпай жоқтау айтса болады. Әйелдер жоқтау айтатын болса, еркісілерден тыс өз араларында жоқтау айтқаны жөн.

Жоқтау – дүниеден өткен адамның жақсылығын айту. Негізі ол батырлардың қаһармандығын, әдептілердің ісін, жомарт жандардың жомарттығын елге таныстыру мақсатындай айтылады. Яғни оларды халыққа таныстыру мақсаты да болады.

Show More
Close