Жаңалықтар

Қазақстан Президенті Түркі дүниесіне тың идеялар ұсынды

Астана. 4 қыркүйек. KAZISLAM – Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VI саммитінде  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тың идеялар ұсынды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуына орай түркі халықтарының рухани жаңғыру мәселесіне тоқталып, осы елдердің қасиетті орындарын көздің қарашығындай сақтап, кейінгі ұрпаққа лайықты мұра етіп қалдыру үшін Түркі кеңесінің жанынан «Түркі әлеміндегі 100 жаңа есім», «Түркі әлемінің киелі жерлері» арнайы жобаларын әзірлеуді ұсынды.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Түркі кеңесінің басқарушы органдарының қызметін оңтайландырып, тиімділігін арттыру мәселелеріне арнайы тоқталды.

Жиын соңында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қырғыз тарапын Түркі кеңесіне төрағалығының басталуымен тағы да құттықтап, табыс тіледі.

***

Мемлекеттер басшылары саммиттің қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойды:

  1. Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі VI саммитінің декларациясы.
  2. Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы мен оның орынбасарын тағайындау туралы шешім.
  3. Венгрияға Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіндегі бақылаушы мәртебесін беру туралы шешім.

Мемлекеттер басшылары саммит қорытындысы бойынша мынадай құжаттар қабылдады:

  1. Түркі тілдес мемлекеттер интеграциясының тұжырымдамасы.
  2. Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі мемлекеттері басшыларының ұлттық спорт түрлері саласындағы ынтымақтастықты дамыту және жастар саясаты туралы бірлескен мәлімдемесі.
  3. Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі мемлекеттері басшыларының Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына байланысты бірлескен мәлімдемесі.
Show More

Басқа жаңалықтар

Close