Жаңалықтар

«Қазақстанның өркениетаралық және конфессияаралық диалогқа қосқан үлесі» атты конференция басталды

Астана. 6 желтоқсан. KAZISLAM – Елордада «Қазақстанның өркениетаралық және конфессияаралық диалогқа қосқан үлесі» атты конференция басталды.

Уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары, Қазақстанның дипломатиялық корпус және діни бірлестіктерінің өкілдері, ғылыми-сараптамалық қоғамдастық пен мәдениетаралық және конфессияаралық диалог мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар қатысып жатқан шарада алғашқы болып сөз алған Мәдениеттер және діндер халықаралық орталығының директоры Айдар Әбуов конференция қонақтарын алда келе жатқан тәуелсіздік күнімен құттықтап:

-Бүгін Қазақстанның табысы, жауапты әрі сенімді серіктестік ретінде әлемдік қауымдастықпен мойындалған. Мемлекет тәуелсіздігінің 27 жылында Қазақстан өзінің даму жолын ашып, этносаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісім қағидаттарына негізделген қоғамның өзіндік ерекше үлгісін құрды,-деп атап өтті.

Айта кетейік, конференция барысында конфессияаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелер, Қазақстанның конфессияаралық және этносаралық тәжірибесінің бірегей моделі, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің сұхбат алаңының тәжірибесі, сондай-ақ, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының негізінде қазақстандық бірегейлікті нығайту мәселелері талқыланып жатыр.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close