Жаңалықтар

Қазанда Халықаралық мұсылман кино фестивалі өтіп жатыр

Сейсенбі күні Қазанда XIV Халықаралық мұсылман кино фестивалі басталды. Татарстан мемлекеттік кеңесінің төрағасы Фарид Мухаметшин фестивальдің ашылу рәсімінде биыл 56 елден мыңға жуық өтініш түскенін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Іс-шараға қатысушылар саны, сондай-ақ ұсынылатын фильмдер саны жыл өткен сайын артып келеді. 2005 жылы бірінші фестивальге 12 елден 40 жұмыс түссе, ал бүгінгі фестивальге 56 елден 967 өтініш жіберілген», — деді ол.

Ашылу рәсіміне Татарстанның тұңғыш президенті, мәдениетаралық диалог бойынша ЮНЕСКО арнайы елшісі және мемлекеттік кеңесші Минтимер Шаймиев, ЮНЕСКО-ның бұрынғы басшысы Ирина Бокова, актерлер Эммануил Виторган, Марат Башаров, Ирина Алферова қатысты. Конкурстық бағдарламаның фильмдерін 11 елден 12 сарапшы бағалайтын болады.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close