Ислам и общество

ҚАДІР ТҮНІНІҢ БІЗ БІЛМЕЙТІН ҚАСИЕТІ

Аллаһ Тағала Құранды 14 ғасыр бұрын түсінсе де оның мазмұнында ашылып жатқан жан-жақты ғылыми жаңалықтар толастар емес. Құранның кереметтілігі сонша оны оқып, зерттеген әрбір жан алдымен жүрегіне жұбаныш тапса, кейін иләһи түрлі сырдың ашылуына себепкер болады. Бұған қоса Құран мұсылманның тілінде күніне 5 уақыт намазда 32 ракағаттақайталанып оқылғанымен адамды еш жалықтырмайды екен. Осыдан басқа да мұғжизаларға толы Құран адамзаттың игілігі үшін қасиетті қадыр түні түскен болатын. Бұл жайында белгілі сахаба Ибн Аббас былай деген: «Рамазан айының қадыр түні Құран толықтай болып Аллаһ тарапынан көкке түсірілді.  Осылайша Жаратушы Тағала адамдарға қажеттілік туындаған жағдайларда белгілі аяттарды жер бетіне түсіріп отырған».

Ибн Дауд айтқан: «(Біз) Құранды қадыр түні түсірдік», деген аят түскенде оның толықтай болып бір сәтте түскенін білген едік» (ат-Табари тәпсірінен).

Демек, айлардың сұлтаны Рамазан болса оның ішіндегі ең ұлы күн қадір түні екені әу баста Құранда айтылып кеткен. Бұл «Қадыр» сүресінде: «Қадыр түні мың айдан да қайырлы», деп ескерілген. Ендеше осы аталған сүре мен қадыр түнінің байланысына тоқталып кетелік.

Аллаһ Тағала Құранда әрбір нәрсенің атын атап, түсін түстеп кетуі бекер емес екенін ғалымдар алға тартады. Сол сияқты қадыр түнінің қасиеттілігі мен ұлықтығы сонша ол туралы толық сүре атауымен түскен. Ол сүреде қадыр түні барлық 5 аятта ескерілген. Сондай-ақ, сүреде 5 ұлы істің болғанымен болатыны айтылған:

  • Құран Кәрімнің түсуі
  • Қадыр түні мың айдан да артықтығы
  • Періштелердің көктен жерге түсуі
  • Ол түні Аллаһтың әмірі жүзеге асатыны
  • Ол түні таң атқанға дейін жалғасатыны

Енді, «Қадыр» сүресіне келейік. Жалпы,«Қадыр» сүресі 30 сөзден тұрады. Бұл Құран Кәрімнің 114 сүресінің жиындығы яғни, 30 параға сәйкес келеді. Сонымен қатар сүреде қадыр түнін меңзейтін «Ол» есімдігі реттік сан бойынша 27-ші сөз болып тұр. Бұл қадыр түні Рамазан айының соңғы он әрі тақ күніне сәйкес келеді.

Бұған қоса «Қадыр» сөзі сүреде 5,10,12 аяттарда ескерілген. Егер осы сандарды бір біріне қосар болсақ 5+10+12 = 27 шығады. Ал, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының шешімі бойында жылда елімізде қадыр түні айдың 27-ші жұлдызында атап өтетінін ескерсек, жоғарыдағы 27 санына сәйкес келеді екен. Әрине, Аллаһ анығын білуші!

Бұл қасиетті түн мың айдан да артық дедік. Аллаһ Тағаланың кеңшілігі сонша Ол пенделері үшін бір түнге созылған құлшылықтар мен ізгі амалдардың сауабын мың айдан да артық етіп береді екен. Егер осы мың айдың сағатын есептер болсақ онда 720,000 сағат, 43,200,000 секунд шығады. Демек, құлдарына деген мұндай кеңшілікті Аллаһтан басқа ешкім бере алмасы анық. Сондықтан қадыр түнінің қасиетінен қапы қалмайық ағайын!

 

Жалғас АСХАТҰЛЫ — Дінтанушы

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close