Басты тақырыпЖаңалықтар

Әлемде болып жатқан жанжалдар саяси диалог арқылы ғана шешілуі тиіс

Әлемде болып жатқан жанжалдар саяси диалог арқылы ғана шешілуі тиіс. Бұл туралы бүгін Қытайдың Циндао қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңейтілген құрамдағы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азия, Африка, Таяу Шығыс және өзге де «Жанжал нүктесіндегі» қақтығыстарды тек саяси жолмен ғана реттеу қажеттігі туралы мүлтіксіз ұстанымдамыз. Қазақстан Ауғанстанның экономикалық тұрақтылығы мен қауіпсіз дамуына мүдделі. Бұл тұрғыда көптеген жылдар бойы Кабулға қаржылай жәрдем көрсетіп келеміз. Астанада сирияаралық келіссөздерді қабылдаушы тарап ретінде Қазақстан Сириядағы процестердің реттелуін жіті қадағалап отыр. Қысқа ғана уақыттың ішінде Ресей, Түркия және Иранның белсенді қолдауымен Астана келіссөздер процесі өзін Сириядағы жалпықамтымды бейбітшілікке қол жеткізу жолындағы тиімді құрал ретінде көрсете білді», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы Қазақстан Корей түбегінің ядросыз өңір мәртебесіне қол жеткізуі тек қана бейбіт жолмен жүру тиістігін жақтайтындығын баса айтты. Сонымен қатар Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келісімге келуге де еліміздің қомақты үлес қосқанын атап өтті.

Елбасы Қазақстан Корей түбегінің ядросыз өңір мәртебесіне қол жеткізуі тек қана бейбіт жолмен жүру тиістігін жақтайтындығын баса айтты. Сонымен қатар Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келісімге келуге де еліміздің қомақты үлес қосқанын атап өтті. «Сондықтан да біз іс-қимылдың бірлескен жалпықамтымды жоспарының одан ары мүлтіксіз орындалуының сақталуын түбегейлі ұстанамыз», — деді Қазақстан Президенті.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close