Басты тақырыпЖаңалықтар

Алматы қаласы Орталық мешіті 300 отбасыға көмек көрсетті (ФОТО)

Қайырымдылық шараларының қара шаңырағына айналған Алматы қаласы Орталық мешіті қасиетті Рамазан айының қарсаңында 300 отбасыға көмек көрсетті.

Әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі және асыраушысы жоқ жандардың аз да болса көңілін көтеріп, оларға көмек қолын созу мақсатында ұйымдастырылған шараны мешіттің бас имамы Еркінбек қари Керімбекұлы ашып, Рамазан – жомарттық айы екендігі туралы уағыз-насихат айтып: «Мешіт – Алланың үйі. Тәлім-тәрбие ошағы. Сондықтан мешіттерімізден ізгілік іздеп, қайырымдылық күткен амал-ниеттеріңізге Алла Тағала сауаптан жазсын! Қасиетті Рамазан айындағы дұға-тілектеріңіз қабыл болсын. Ардақты Алла Елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жомарттық айы болған Рамазан келген кезде жақсылықтар жасауға білек түре кірісетін. Біздің де жасап отырған осы амалымыз сол пайғамбарымыздың қалдырған сүннеті», – деді.

Айта кету керек, игі шара барысында 300 отбасыға құны 1 575 000 теңгені құрайтын азық-түлік пакеттері (қант, күріш, гречка, макарон, сұйық май) таратылды.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close