Ғибратты әңгімелер

Халифа Омардың азықтан бас тартуы

Күндердің күнінде Халифа Омар ибн Хаттаб (р.а.) мұсылмандардың басшысы еді. Кенет мұсылмандарға құрғақшылық маусымы келеді. Барлық егін шаруалары бір сәтте құлдырайды. Мұны білген Халифа халықтың азықсыз қалуынан қорқып ағарған мен сары май жеуден бас тартады.  

Бірнеше күннен кейін халық Халифа Омардың түр-түсі өзгере бастағанын байқап одан:

-Неге ас жеуден бас тартып жүрсіз? Денсаулық маңызды емес пе?-деп сұрайды. Сонда Халифа:

-Мен арамызда жетім-жесірлер мен пақыр-кедейлер азық-түліксіз қалмасын деп осылай жасап жатырмын,-деп жауап береді.

Осыдан кейін сахабалар:

Егер бұл құрғақтықтың азабы басымыздан тез кетпегенде Халифа Омар аштықтан ауыр дертке шалдығып, содан өмірден өтіп кете ме?-деп қатты қорқатынбыз,-деген екен.

Жалғас АСХАТҰЛЫ,

дінтанушы

Show More

Басқа жаңалықтар

Close