Жаңалықтар

Халал өнім саны 30%-ға артады

Әлемде халал өнімге деген сұраныс пен қызығушылық күннен-күнге артып келеді. 2030 жылға таман әлемде өндірілетін өнімнің 30% «халал» болады деген болжам бар .

Бұл жөнінде ауыл шаруашылығын дамытуға, Еуразия аймағындағы азық-түлік қауіпсіздігі мен толымды тамақтануды қамтамасыз етуге арналған Халықаралық  конференцияда Еуразия экономикалық қауымдастығы аграрлық орталығының басшысы Владимир Тарасов мәлімдеді.

Өз сөзінде В.Тарасов 2017 жылы әлемдегі мұсылмандар саны 1,8 миллиард адамға жеткенін тілге тиек етті, яғни, мұсылмандар жалпы планета тұрғындарының шамамен 23% құрайды деген сөз.

Талдаушылардың болжамы бойынша, 2025 жылға таман «халал» әлем азық-түлік нарығының төрттен бірін, ал 2030 жылға таман – үштен бірін еншілейтін болады.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close