Жаңалықтар

Франция  түрмесінен 450 радикалды азамат шығарылады

Астана. 8 маусым. KAZISLAM – Францияда 2019 жылдың соңына дейін радикализм бойынша сотталған жалпы саны 450 азамат бостандыққа шығады. Олардың 50-і терроризмге байланысты жасаған қылмыстары үшін сотталған.

Республиканың Әділет министрі Николь Беллубенің айтуынша, экстремистер түрмедегі жаза өтеу мерзімінің аяқталуына байланысты босатылады. Сотталғандардың басым бөлігі 20-30 жас аралығындағы ер азаматтар. Ал құқыққорғау органы өкілдері бұл азаматтар түрмеден шыққаннан кейін қылмыстық істерге қайта бармасына кепілдік бере алмай отыр. Осыған байланысты бостандыққа шыққан әрбір азамат бақылауда болады.

«Олардың әр басқан қадамын қағадалаймыз» деп уәде етті министр.

Еске салсақ, қазіргі кезде Франция түрмелерінде терроризм бойынша 500 адам жазасын өтеп жатыр. Тағы радикалды діни идеологияға ұрынған мыңнан аса адам сотталған.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close