Жаңалықтар

Франция: мұсылмандарға қарсы теракт жоспарлағандар ұсталды

Астана. 26 маусым. KAZISLAM – Францияда құқыққорғау органы қызметкерлері антитеррористік арнайы операциялар барысында бірнеше күдіктілерді қамауға алды.

France Info ақпарат көзінің мәліметінше, күдіктілерді анықтау бірнеше қалада, оның ішінде Парижде де жүргізілген. Айта кету керек, терроризмге күдіктілер ретінде мұсылмандар емес, исламды ұстанушыларға қарсы террористік актілер дайындаған ультраоңшыл радикалдар ұсталған.

Қазіргі уақытта барлық күдіктілер саны – 10 адам. Барлығы да қамауға алынған. Франция полициясы осыған қатысты тергеу амалдарын жүргізу үстінде.

Show More

Басқа жаңалықтар

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Close