Ғибратты әңгімелер

Тұт жапырағы — Құдайдың бар екеніне дәлел!

Күндердің күнінде бір топ халық Имам Шафиғиға келіп Аллаһтың бар екеніне дәлел келтіріп беруді сұрайды. Сәл кідіріп ойланған Имам:

— Аллаһтың барлығына тұт жапырағы дәлел, — дейді. Жиналған жұрт мұның парқын түсінбей, бір біріне қарайлайды.  Сол уақытта Имам сөзін жалғастырып:

— Тұт жапырағында бір ғана дәм болады. Алайда, егер оны жібеккөбелектің құрты жейтін болса, одан жібек мата өндіруге болады. Егер оған ара қонса, бал шығады. Ал, егер оны бөкен жейтін болса, одан көркем иіс шығады. Ендеше осындай алуын түрлі өнімнің бір негізден (жапырақтан) шығуы кездейсоқ дейсің дер ме? — деген екен.

Жалғас АСХАТҰЛЫ
Дінтанушы   

Show More

Басқа жаңалықтар

Close