Жаңалықтар

Түркия Сомалидегі террор шабуылын айыптады

Түркия Аш-Шабаб террор ұйымының Сомалиде министрлікке жасаған жанкешті шабуылын қатаң түрде айыптады.

Сыртқы істер министрлігі жазбаша мәлімдемесінде бас қала Могадишодағы террор шабуылында көптеген адамның қаза тауып, жараланғаны өте ауыр жағдай.

Сомалиде қауіпсіздік және тұрақтылықты бұзған террор шабуылын айыптаған мәлімдемедеТүркия шабуылда қаза тапқандарға Алланың рақымшылығы мен жаралыларға шипа тіледі.

Мәлімдемеде «Түркия террормен күрес және тұрақтылықты қамтамасыз етуде Сомали халқы мен үкіметіне берген қолдауын жалғастырады» делінді.

Сомалиде террор ұйымы Аш-Шабаб Ішкі істер және федералдық жұмыстар министрлігіне бомба тиелген көлікпен шабуылдаған, 10 адам қаза тауып, 20 адам жарақат алған болатын.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close