Жаңалықтар

Түркия ең көп көмек беретін ел атанды

Ұлыбританиядағы Даму инициативалары ұйымы Жаһандық гуманитарлық көмек 2018 есебін шығарды. Осы есепке қарағанда Түркия өткен жылғы 8,07 миллиард долларлық көмегімен «ең көп гуманитарлық көмек берген елі» атанды.

Тізімде Түркиядан кейін 6,68 миллиард доллармен Америка Құрама Штаттары,  2,99 миллиард доллармен Германия және 2,52 миллиард доллармен Ұлыбритания келеді. Еуропа Одағы мекемелері 2,24 миллиард долларлық көмегімен төртінші орында.

Түркия гуманитарлық көмектің ұлттық табысқа қатынасы жағынан да бірінші орында. Түркия елі өзінің табысының 0,85 пайызын көмекке жұмсаған. Түркияның артынан Норвегия мен Люксембург келеді.

Америка Құрама Штаттары осы тізімде 19-шы орында.

Түркия 2013,2014, 2015 есептеріне қарағанда да 3 жыл қатарынан ең көп гуманитарлық көмек берген үшінші ел,  соңғы екі жылда екінші ел болған еді.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close