Жаңалықтар

Түркияда 12 мың адамға ауызашар берілді

Астана. 5 маусым. KAZISLAM – Түркияның Ортахисар Трабзон ауданында 12 мың адамға арналған ауызашар дастарханы жайылды.

Ауызашар кешіне Түркияның Ішкі істер министрі Сүлеймен Сойлу және басқа да лауазым иелері қатысты. Ауқымды ауызашар дастарханын әзірлеуге жеті сағат уақыт кеткен.

Ал ауызашар асына Трабзон мэрінің тапсырысы бойынша 2 тонна ет, 2 тонна картоп, 500 кг жасымық, 160 кг зәйтүн майы, 700 кг пияз, 130 кг сұйық май және 30 кг ас тұзы жұмсалған.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close