Жаңалықтар

Тыйым салынған есімдер

  1. Құл деген мағынаны білдіретін «абд» сөзін Алланың есімі мен сипаттарынан басқа атауларға тіркеу арқылы жасалынған есімдер. Мысалы, Абдулузза – «Уззаның құлы», Абдулқағба – «Қағбаның құлы», Абдуннәби – «Пайғамбардың құлы», Абдуррасул – «елшінің құлы» т.б.

Алланың елшісі (с.ғ.с.) «Динардың құлы оңбасын, дирхемнің құлы оңбасын, өкшенің құлы оңбасы, матаның құлы оңбасын» — деген.

  1. Алла Тағаланың көркем есімдерін, Өзіне ғана тән сипаттармен атау. Мысалы Алла, ар-Рахман, әл-Халиқ, ас-Самад, ар-Разиқ, әл-Ахад, әл-Бәрии, Раббы деген сияқты.
  2. Жын-шайтандардың, кәпірлердің, дінсіздердің көсемдерінің аттары, дінсізх идеологияға байланысты ұғымдардың атауларын қою. Ібіліс, Ифрит, Перғауын, һаман, Жалұт, Әжүж, Мәжүж, Цезарь, Ленин, Сталин, Маркс, Тельман, Энгельс, Дарвин, Коммуна, Партия т.б.
  3. Сондай-ақ «Патшалардың патшасы», «Әкімдердің әкімі», «Сұлтандардың сұлтаны» деген мағыналарды білдіретін есімдер. Әбу Һурайрадан жеткен риуаятта Пайғамбар (с.ғ.с.) «Алланың алдында есімдердің ең нашасы «Патшалардың патшасы», — деген.

Әбу Һурайрадан жеткен хадисте Алланың елшісі (с.ғ.с.): «Қиямет күні Алланың ашуын тудыратын, ең нақұрыс адам «Билік-мүліктің патшасы» деп аталатын адам. Бүкіл билік тек Аллаға ғана тән», — деген. (Мүслім риуаяты)

ҚМДБ «Ел болам десең, бесігіңді түзе» кітабынан

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close