Жаңалықтар

Мұсылмандар мемлекет есебінен қажылыққа барады

Астана. 26 шілде. KAZISLAM – Түркменстан қажыларының Сауд Арабиясына қажылық жасау, барып-келу қаражаты түгелімен мемлекет есебінен төленеді. Осыған сәйкес құжатқа ел президенті Гурбануглы Бердымұхамедов қол қойды, деп хабарлайды ansar.ru.

Президент қаулысына сәйкес, республика азаматтарына Боинг 737-800 ұшағы тегін қызмет көрсетеді. Бұл әуе рейсі Сауд Арабиясына 153 түркмен қажыларын апарады.

Алдын ала жоспар бойынша түркмендер Мекке мен Мәдина қалаларында 2018 жылдың 5-27 тамыз күндері аралығында қажылық парыздарын өтейді.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close