Новости

Трамп әлемнің басты проблемасын мәлімдеді

Астана. 17 шілде. KAZISLAM – Қазіргі заманның басты мәселесі ядролық қару және оны шешуде аса сақтық қажет. Бұл туралы Ресей мен АҚШ елдерінің президенттері кездесуінің қорытындысы бойынша Fox News телеарнасына берген сұхбатында мәлім болды, деп хабарлайды Islam-today.

«Әлемнің қазіргі сәттегі ең маңызды мәселесі – ядролық қару. Мен президент Барак Обаманың әлемнің басты проблемасы ретінде ғаламдық жылынуды айтқанын білемін, алайда, мен олай демес едім, біздің алдымызда тұрған ең үлкен мәселе – уақыт өткен сайын өткір тақырыпқа айналған ядролық қару, ол 5 миллион есе маңызды. Ядролық мәселелерді шешуде бізге аса сақтық қажет. Тек АҚШ пен Ресейде әлемдегі ядролық қарудың 90%-ы бар» дейді Трамп.

АҚШ президентінің айтуынша, Путин Солтүстік Кореяға қатысты ықпалдастық етуге дайын екенін жеткізген.

Далее

Басқа жаңалықтар

Close