Жаңалықтар

Трамп Путинмен Сирия мәселесін талқылайды

Астана. 28 маусым. KAZISLAM – Ақ үй басшысы Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі 11-12 маусымға жоспарланған. Солтүстікатлантикалық келісім ұйымы жиынынан кейін өтуі мүмкін, деп хабарлайды 24.kz.

Кездесу әзірге Финляндияның астанасы Хельсинки қаласында өтеді деген болжам бар. Америка Құрама Штаттарының вице-президенті  Майк Пенстің мәлімдеуінше, кездесудің негізгі тақырыбы экономикалық ахуал болмақ. Осыған дейін Трамп Сирия мен Украина мәселелерін де қозғайтыны туралы айтқан болатын. Айта кету керек, 27 маусым күні Владимир Путин АҚШ президентінің  ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтонмен кездесті. «Кездесу жақын арада өтеді. Алайда дәл қай кезде екенін нақты айту қиын. Еуропаға іссапарым барысында кездесіп қалуымыз әбден мүмкін. Қазіргі таңда Ресеймен және Қытаймен қарым-қатынасты реттеу тек АҚШ үшін ғана емес, бүкіл әлемдік экономика үшін өте маңызды» дейді АҚШ президенті Дональд Трамп.

Show More

Басқа жаңалықтар

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Close