Основы Ислама

Сұраққа жауап бере алмаған Имам Шафиғи

Бұрында бір ғалым әйгілі Имам Шафиғиға келіп былай деп сұрақ қояды:

— Аллаһтың дінінде негізгі дәлел қайсысы? Имам:

— Қасиетті Құран Кәрім.

Ғалым:

— Сосын қайсы?

Имам:

— Пайғамбар с.а.у. сүннеті.

Ғалым:

— Сосын қайсы?.

Имам:

— Үмметтің бірауыздан келісімі (қандай да бір діни мәселеде ортақ шешімі).

Ғалым:

— Мұны қайдан алдың?, деп сұрайды. Сонда Имам үнсіз қалады. Ғалым:

—  Саған үш күн уақыт беремін. Содан кейін тағы алдыңа келемін, деп тұрып кетіп қалады. Сол күннен бастап Имам үйіне барып барлық кітаптарды ақтарып іздене бастайды. Үш күн өтіп әлгі ғалым Шафиғиға келіп алғашқы сұрағын қайталайды. Имам оған:

— Мен Құранды күніне үш рет оқып қайталап шықтым. Аллаһ маған тура жол көрсетіп ақыры сіздің сұрағыңызға жауап таптым. Мына: «Кімде кім өзіне тура жол айқындалғаннан кейін Пайғамбарға қарсы шықса, сондай-ақ мүміндердің жолынан басқа жол іздесе, оны бұрылған жағына бұрамыз да тозаққа саламыз»-аятындағы «мүміндердің жолына» деген, яғни, кімде-кім осы жолға ешбір себепсіз, дәлелсіз қарсы шығатын болса ол адасқан болып саналады. Демек, бұл үмметтің бір ауыздан келіскен жолы,-деп жауап беріпті.

Әлгі ғалым басын изеп, Имамның нақты жауабына қанағаттанған екен.  

 Жалғас АСХАТҰЛЫ,

дінтанушы

Show More

Басқа жаңалықтар

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Close