Жаңалықтар

Су үстіндегі супермаркет

Астана. 6 желтоқсан. KAZISLAM – Дубай қаласында әлем бойынша тұңғыш суда жүзетін супермаркет пайда болды. Парсы шығанағы жағалауында халыққа қызмет көрсететін су кемесі дүкені Carrefour халықаралық супермаркет желісіне тиесілі, деп жазады Russian Emirate.

Супермаркет ең әуелі теңіз жұмысшыларына, яхта экипаждары мен су мотоциклдері мен қайықтарында жүретін спортшылар мен қызметкерлеріне, сондай-ақ, жағажайда демалушыларға арналған.

Жаңа дүкендер желісі тұтынушыларға су үстінде қызмет көрсетеді, сондай-ақ Kite Beach, Jumeirah Public beach және Al Sufouh Beach жағажайларының тапсырыстарын қабылдайды. Онда 300-ден аса тауар түрлері, азық-түліктер, сусындар, сонымен бірге косметикалық заттар мен медициналық дәрі-дәрмектер де бар.

Carrefour маркеті аптасына алты күн «суда жүз де сауда жаса» қағидасы бойынша таңғы сағат 10.00-ден 18.00 аралығында жұмыс істейді. Алайда бұл кесте ауа райына байланысты өзгеріп тұрады. Тапсырысты супермаркет терезесі арқылы немесе қоңырау шалып беруге болады. Телефон арқылы берілген тапсырыс 45 минут ішінде жеткізіледі.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close