Ислам және қоғам

Суретке түсуге шариғат не дейді?

Қазір қоғамда басқан қадамын суретке түсіру сәнге немесе әдетке айналды. Бұл дұрыс па? Суретке түсуге шариғат не дейді? Осы сұрақтарға исламтанушы Ершат Оңғаровтың жауабын назарларыңызға ұсынамыз.

Суретке түсу бұл заманның талап етіп отқан құбылысы. Өйткені технология дамыған, бүкіл жүйелер электронды түрге көшкен ғасырда суретке түспеу мүмкін емес. Шариғатта суретке қатысты салынған тыйымдар бар. Пайғамбардың адам немесе жануар бейнесін қағазға түсіру туралы айтқан сөздері бар. Жанды жануардың бейнесін салғысы келген адам, Аллаға ұқсап жаңа бейне жаратуға талпынғаны үшін сұраққа алынады деген мағынадағы хадистер бар. Алайда бұл деген сөз суретке түсуге болмайды немесе харам деген мағынаны білдірмейді.

Қазіргі замандағы ғалымдар айтқан бір пәтуаға сүйенсек, адамның көкірек тұсынан түскен суреті рұқсат етіледі дейді. Тек оны намаз оқылатын жерге іліп қоймаса, ашық жерде тұрмаса деген пәтуа бар. Сондықтан, суретке түсуге, әсәресе, құжат үшін және белгілі бір нақта мақсатта қолданса оған шариғат рұқсат етеді.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close