Жаңалықтар

Үндістан соты Тәж-Махалды сүріп тастауы мүмкін

Астана. 14 шілде. KAZISLAM – Үндістанның Жоғарғы соты орталық және аймақтың үкіметке 31 шілдеден бастап Тәж-Махал мавзолейін сүріп тастау туралы істі қарай бастайтынын ескертті, деп хабарлайды Islam.ru.

Hindustan Times ақпарат көзінің мәліметінше, бұл шаралар ескерткіштің жағдайына байланысты болып отыр: ғимарат қатты ластанған және уақыт өте бұзылып келеді. Сот үкіметке бұл ғимаратқа тиісті жағдай жасамай отыр деп айып тақты.

«Эйфель мұнарасына жыл сайын 80 миллион адам келеді. Бұл Тәж-Махалға келушілер санынан сегіз есе көп. Ал Тәж-Махал әлдеқайда әдемі… » дейді сот өкілдері.

Еске салсақ, бұған дейін Тәж-Махал мешітінде жұма намазын оқуға тыйым салынған болатын.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close