Жаңалықтар

Соғыс аймағында 270 журналист қалды

Астана. 12 шілде. KAZISLAM – Сирияның соғыс құрсауындағы Дераа провинциясында 270 журналист бар. Қайшыласқан қарулы қақтығыс жүріп жатқан аймақта қалып қойған журналистер туралы Сириядағы Журналистер одағы хабарлады.

Айта кету керек, соғыс аймағында жұмыс істейтін барлық БАҚ өкілдерінің өміріне қауіп төніп тұр. Anadolu түрік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, журналистердің бір бөлігі Дераа қаласында және бір тобы қаланың батысындағы ауылдық жерде тұтқынға түскен. Журналистерді соғыс аймағынан құтқарудың бір ғана жолы – Иордания шекарасындағы өткізу пункті. Алайда, бұл бекет те әзірге жабық.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close