Жаңалықтар

Сауд Арабиясында жануарлар құқығы қорғалады

Астана. 25 шілде. KAZISLAM – Сауд Арабиясының Экология, ауыл шаруашылығы және су ресурстары министрлігі жануарлардың құқықтарын қорғау туралы қаулы қабылдады.

Құжатта қатыгездік деп танылған бірқатар операциялар тізімі жазылған. Мәселен, жануарлардың құйрығы мен құлақтарын қысқарту, тырнақтары мен мүйіздерін алу, иттердің үрмеуі үшін дыбыс желбезегін кесу, химиялық кастрация (егер медициналық нұсқауы болмаса), т.б.

Сонымен қатар, жануарлардың жүндерін бояу, оларға пластикалық операция жасау (корольдікте түйелерге жиі жасалады), сондай-ақ, жануарларға өсуін тездететін препараттар беруге де заңмен тыйым салынған. Ал осы тыйымдарды бұзушылар заң алдында жауап беретін болады.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close