Новости

Ресейде ерекше намаз гаджеті шықты

Астана. 11 шілде. KAZISLAM – Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен «Иннопром-2018» халықаралық өнеркәсіп көрмесінде мұсылман халқына арналған гаджет таныстырылды.

Ресей компаниясы жасап шығарған гаджет намазды орындау тәртібін үйретеді. «Қажылық» деп аталатын құрылғы құбыла бағыты мен намаз уақытын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді, сондай-ақ, намазда жасалған сәжде санын да есептейді.

Жоба авторларының айтуынша, бұл ерекше гаджет сатылымға орыс, ағылшын, неміс, араб және хинди, парсы тілдеріндегі нұсқаларымен шығады.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close