Жаңалықтар

Психолог-дәрігерлер діни семинар-треннингтен өтті

Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Деструктивті діни ағымның ықпалына түсуі ықтимал қоғамның әлсіз топтарымен жұмыс жүргізу әдістері» атты семинар-треннинг өтті.

Семинарда Астана қаласы бойынша медициналық мекемелердің психолог-дәрігерлері семинарға арнайы шақырылған  мамандардың дәрісінен жұмыс барысында қажет болатын тиісті  ақпаратты алып, орталықтың психологтары жүргізген тренингтен мол тәжірибе жинақтады.

Аталған іс-шара барысында семинарға қатысушыларға берілген ақпараттар мен жүргізілген тренингтер алдағы уақытта өз қызметтерінде жат діни ағым өкілдерімен тиімді жұмыс жүргізуде оң ықпалын тигізетіні айтылды. Осындай семинар-тренингтер қаламыздағы өзге де мекемелердің қызметкерлерімен өткізілу жоспарланып отыр.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close