Ислам негіздері

Пайғамбар тыйған нәрсе Құранда айтылмай кетуі мүмкін бе?

Күндердің күнінде бір әйел кісі сахаба Абдулла ибн Масғудтың (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.у.) өз жаратылысын өзгерткен әйелдерге лағынет айтты»,-дегенді естіп Абдулла ибн Масғудтың алдына барып, мән жайды түсінбек болады. Сонда оған сахаба:

— Мен ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) мұндай кісілерге лағнет айтқасын айтып жатырмын және бұл Құран Кәрімде де осылай делінген,-дейді. Әлгі әйел таңдана:

— Мен Құранды басынан аяғына дейін толық оқып шықтым. Бірақ, онда бұл мәселе туралы бірде-бір аят кездестірмедім,-дейді. Сонда сахаба Абдулла ибн Масғуд (р.а.) өзінің кең өрісті санасымен:

— Сен Құрандағы: «Сендерге Пайғамбар с.а.у. не берсе алыңдар да неменеден тыйса, одан тыйылыңдар» деген аятын оқымап пе едің?,-дейді. Әйел:

— Оқыдым, дейді. Сахаба:

— Демек, Пайғамбар (с.а.у.) тыйған нәрсе Құранда да тыйылған,-деген екен.

   Жалғас АСХАТҰЛЫ,

дінтанушы

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Close