Жаңалықтар

Павлодар: Шәкірттер балалар үйіне қамқорлық жасады

9 қазан күні елімізде өткізетін мүгедектер күніне орай мүмкіндігі шектеулі балалардың  құқықтарын сақтау, әлеуметтік жағдайын жақсартуға айырықша назар аудару мақсатында «Мәшһүр Жүсіп» мешітінінің әйел шәкірттері Павлодар қаласы, Толстой көшесі-143/1 үйіне орналасқан ДЦП дертіне шалдыққан балалар орталығына барды. Балаларды мерекесімен құттықтаған шәкірттер сый-сияпаттарын табыс етті. Сонымен қатар балалар арасына әртүрлі қызықты ойындар ұйымдастырып олармен бірге ойнап-күліп қайтты.

«Кез келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүгедектерге деген қарым-қатынасымен айқындалады. Мүгедектер  күні тумысынан өмірдің азабын тартқан жандарға  тағы бір көз қырымызды салып, жанына жебеу болуға мүмкіндік жасау ниетте болдық»,- дейді ұстаз Қарлығаш Қажымәлікқызы.
Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close