Ғибратты әңгімелер

Оттан жаралған Ібіліс қалай отпен азапталады?

Күндердің күнінде талас-тартысқа құмар бір кісі Имам Шафиғиға келіп:

— Ібіліс оттан жаралғаны белгілі. Ендеше Аллаһ Тағала оны қалай ғана отпен азаптайды? — деп сұрайды. Сонда Имам күнге кепкен балшықты алып, әлгі кісінің бетіне ұрады. Кісінің беті қызарып, ауырғанның нышаны байқалады. Имам:

— Ауырды ма?

— Әрине ауырды. Сол сәтте Имам:

— Қалай ғана саз балшықтан жаралған адамның денесі балшықтан ауру сезінеді? — деп сөзін түйіндеген еді. Әлгі кісі Имамның не айтпағын дереу түсініп, үнсіз қалған екен.

Жалғас АСХАТҰЛЫ
Дінтанушы   

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Close