Ғибратты әңгімелер

Осал ойыншықтың сыры

Баяғыда бір отбасына сапар шегіп жүрген дана қария кісі бірнеше күнге  қонақ болып келеді. Қария сол отбасының балаларына күнде базардан сыйлық ретінде тез бұзылатын осал сынғыш ойыншықтар әкеліп тұрады. Балалар әлгі ойыншықтарды қанша жерден сындырмауға тырысқанымен, осал ойыншықтар ойнауға жарамсыз болып қала береді. Содан бір күні үйдің отағасы әлгі қарияға келіп:

-Сіз неге бұл ойыншықтардың осалдығын біле тұра басқа сапалы ойыншық әкелмейсіз? Мұның сыры неде?-деп сұрайды. Қария күлімсіреп:

-Мен бұл балаларға өмірлік дәріс үйретіп жатырмын. Бірнеше жылдар өткесін біреу бұларға жүрегін арнайды, сол уақытта жүректі жараламау үшін онымен қандай жұмсақ қатынаста болу керектігін біліп өседі,-деп жауап беріпті.   

Жалғас АСХАТҰЛЫ,

дінтанушы

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Close