Новости

«Орамал тағу міндетті болмауы керек»

Иранда консервативті пікірлерімен танымал діни қайраткерлердің бірі Худжетулислам Мухсин Геруян елге келген шетелдік турист әйелдер үшін орамал тағудың мәжбүр болмауы керектігін айтты. Бұл туралы TRT агенттігі хабарлады. 

Иранда жарияланатын «Тиджарет» атты газетке мәлімдеме жасаған дін қайраткері туристерді орамал тағуға міндеттеудің дінде жоқтығын айтып: «Туристтер өздері қаласа,  орамал тақсын.  Діни тұрғыдан оларды мәжбүрлеуге болмайды» деді.

«Біз басқа елге барғанда,  қалай ғана өз қағидамызбен жүрсек,  туристтерге де өз қағидаларымен қозғалу еркіндігі берілуі керек» деді ол.

Show More

Басқа жаңалықтар

Close