Ислам және отбасы

Нәрестеге қашан ат қою керек?

Құран Кәрімде Зәкәрия пайғамбардың (а.с.) Жақия атты ұлмен тумастан бұрын алдын-ала сүйіншілегені бар.

«Уа, Зәкерия! Біз сені Жақия деген ұлмен қуантамыз! Біз бұрын оған ешкімді аттас қылмап едік!» (Мариям, 7).

Алла елшісінің (с.ғ.с.) сүнненті бойынша ең дұрыс пікір бойынша нәрестенің аты дүниеге келген кезде қойылады. Оған Әнестен риуаят етілген Абдулла ибн Әбу Талханың хадисі дәлел. Ол хадисте пайғамбар (с.ғ.с.) Әбу Талханың баласы дүние есігін ашқанда оның атын Абдулла деп қойған.

Пайғамбардың  (с.ғ.с.) сахабасы Әнес ибн Мәліктен жеткен риуаятта нәрестеге туғаннан кейін 3 күн өткен соң ат қойылады. Ал, Сумраның риуаятында жетінші күні қойылу керек делінген.

Сондай-ақ, Әбу Мусадан жеткен риуаятта да  ол өзінің ұлы туғанда да оны Пайғамбарға (с.ғ.с.) апарады да, ОЛ оның атын Ибраһим деп қойып, таңдайын құрмамен сүртеді.

Сахих кітаптарында Әбу Усәйд деген сахабаның туылып, оны Пайғамбарған (с.ғ.с.) апарғанда оның атын Мунзир деп қойған.

Мүслімнің Сахихындағы Әнестен жеткен хадисте Пайғамбар (с.ғ.с.): «Бүгін менің ұлым дүниеге келді. Мен оны атамның атымен Ибраһим деп атадым», — деген.

 

ҚМДБ «Ел болам десең, бесігіңді түзе» кітабынан

Show More

Басқа жаңалықтар

Close