Жаңалықтар

Нұр Мүбәрак университетіне жаңа проректор тағайындалды

Нұр Мүбәрак университеті Қамқорлар кеңесінің шешімімен ғалым, ғылым докторы Қайрат Құрманбаев аталған оқу орнының проректоры болып тағайындалды.

Египет Араб Республикасы (ЕАР) астанасы Каирде өткен Қамқорлар кеңесінің кезекті жиынында осындай шешім қабылданды. Алқалы жиынға Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, университет проректоры, профессор Шамшәдин Керім, Әбу Ханифа ғылыми зерттеу орталығының директоры, PhD докторы Қайрат Құрманбаев, сондай-ақ Мысыр тарапынан Уақыфтар министрі, доктор Мұхаммед Мұхтар Жұма, әл-Азһар шейхы, Нұр Мүбәрак университетінің ректоры, профессор Жуда Басюни, т.б. Қамқорлар кеңесінің құрамы қатысты.

Университетке Қазақстан тарапынан басшылық жасап, еңбек сіңірген білікті басшы, профессор Шамшәдин Керім ЕАР Уақыфтар министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Қайрат Құрманбаев – исламтану саласы бойынша Ливия Араб Республикасында бакалавриат деңгейін тәмамдап, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде магистрлік диссертация қорғаған. Кейін Нұр-Мүбәрак университетінде докторантура бөлімінде білім алып, еліміздегі исламтану ғылымы бойынша ең алғашқы ғылыми диссертация қорғаған PhD докторы. Бірқатар ғылыми еңбектері, мақалалары мен кітаптары жарық көрген.

Айта кетейік, Қазақстан мен ЕАР арасындағы келісім бойынша, Қамқорлар кеңесінің шешімімен Нұр Мүбәрак университетінің ректор, проректор қызметін екі елдің өкілдері атқарады.

Пікірлер (0)

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close